Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тәжікстан мен Қазақстан әлеуметтік қызметкерлер мектептері қауымдастықтарының өкілдерімен кездесу

Тәжікстан мен Қазақстан әлеуметтік қызметкерлер мектептері қауымдастықтарының өкілдері Esil University-дің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – қауымдастықтар мен университет арасындағы серіктестік қарым-қатынасты дамыту.

Жоғары оқу орындары мен колледждер екі жақты әлеуметтік жұмыс бойынша одан әрі ынтымақтастықты, сондай-ақ білім беру және ғылыми қызметте тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Кездесуге э.ғ.д., профессор, Германияның Экономика және даму министрлігі (BMZ) қаржыландыратын өңірлік жобалардың үйлестірушісі С.Б. Ашуров, Қазақстан-Америка-Швейцария колледжінің директоры, Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлер мектептері қауымдастығының құрылтайшысы Г.С. Жанаева, сондай-ақ Esil University ректоры А.А. Таубаев және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.