
Оқу жұмысы
2018-2018 оқу жылынан бастап «Халықаралық сауда және құқық» кафедрасы бакалавриат мамандықтары бойынша: 5В051100 – «Маркетинг», 5В030400 – «Кеден ісі» мамандықтар бойынша білім алады.
Кафедраның пәндері мемлекеттік білім беру стандарттарына және модельдік бағдарламаларға сәйкес оқу материалдарымен қамтамасыз етіледі. Студенттер кафедраның электрондық кітапханасын пайдалана алады.
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысының негізгі мақсаты оқу үдерісінің тиімділігі мен сапасын көтеруге, сондай-ақ пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу үдерісін тікелей әдіснамалық қамтамасыз етуге, ғылыми және әдістемелік жұмысты жүзеге асыру нәтижесінде әзірленген ұсыныстардың енгізілуіне жағдай жасау болып табылады, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық біліктілігін арттыру.
Бүгінгі күнде «Халықаралық сауда және құқық» кафедрасы өндірістік тәжіриебесі сияқты оқыту түрлеріне үлкен көңіл бөледі. Осыған байланысты кафедра институттармен, қорлармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен белсенді түрде жұмыс істейді. Мұндай ынтымақтастықтың нәтижесі студенттерге тағылымдамадан өту, сондай-ақ кәсіпорындардағы бөлімшелерді құру туралы келісімдердің болуы болып табылады.
Өндірістік және диплом алдындағы практика шеңберінде студенттер кәсіпорындардың және әкімшілік құрылымдардың шаруашылық қызметінің аналитикалық зерттеулерін жүргізеді (олардың ішінде ең маңыздысы ҚР ҚМ СБ, заң бөлімшесі, брокерлік компаниялар).
Кафедраның мүшелері білім беру үдерісін жоспарлау, пәндердің күнтізбелік кестелері, студенттердің өзіндік жұмысының графигі, өндірістік, кәсіби және ғылыми тәжірибелер кестесі бойынша құжаттарды дайындауда қатысады.
... Вернуться