Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Экономика және маркетинг» кафедрасы


"Экономика және маркетинг" кафедрасы 2023 жылдың қыркүйегінде "Экономика" кафедрасының базасында "Маркетинг", "Digital маркетинг"білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен білім алушыларын қосу арқылы ұйымдастырылды.

Кафедраның бағыты: экономиканың нақты секторы мен ғылыми-зерттеу институттары үшін тәжірибеге бағдарланған білікті мамандарды даярлауда жетекші орын алу.

Кафедраның миссиясы: білім алушылардың білімін және құзыреттіліктерін, өзіндік жұмыс дағдыларын, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру, сондай-ақ стратегиялық және шығармашылық ойлау, қазіргі нарықтық жағдайларда экономика саласында ұтымды басқару шешімдерін қабылдау қабілеттерін қалыптастыру.

Кафедраның мақсаты: экономика, кәсіпкерлік және маркетинг саласында толыққанды және сапалы кәсіптік білім беру, халық шаруашылығы экономикасының түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлау.

Кафедраның негізгі міндеттері:

- кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша тәжірибеге бағдарланған жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша жетекші орындарға қол жеткізу;

- білім беру сапасының жоғары деңгейі негізінде кадрлар даярлау бойынша өңірде жетекші кафедра бола отырып, бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ету;

- білім алушыларды тарта отырып, бірлескен ғылыми зерттеулерді орындау;

- білім алушылардың шығармашылық әлеуетін анықтауды және дамытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу;

- ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін коммерцияландыру тетігін жетілдіру;

- дуальды оқыту жүйесін жетілдіру және студенттерді қосымша сертификаттауды енгізу;

- халықаралық ынтымақтастықты күшейту, кафедраны ғылыми-зерттеу және инновациялық кеңістікке интеграциялау;

- мемлекеттік органдар, өндірістік кәсіпорындар, әлеуметтік мекемелер басшыларының жауапкершілігі мен қызығушылығын арттыру арқылы өндірістік базада өткізілетін тәжірибелер мен практикалық сабақтардың сапасын жақсарту.

Кафедра «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметі бойынша берілген лицензия негізінде білім беру қызметін үш деңгей бойынша жүргізеді:

Бакалавриат:

6В04103 – Экономика;

6В04104 – Әлемдік экономика;

6В04088 (01) – Құрылыстағы экономика және менеджмент

6В04111 – Digital бизнес

6В04108 - «Маркетинг»

6В04109 - «Digital маркетинг» 

Магистратура:

7М04101 – Экономика (ғылыми-педагогикалық бағыт);

7М04102 – Экономика (бейіндік бағыт);

7М04111 – Маркетинг (профильное направление);

7М04112 – Маркетинг (научно-педагогическое направление).

Докторантура:

8D04103 – Экономика

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы оқу процесін оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етуге, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыруға, студенттердің аудиториялық және өзіндік жұмысын жетілдіруге, университет мамандар дайындайтын кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қажеттіліктерін ескере отырып, оқу жұмысының барлық нысандарын, түрлері мен әдістерін жақсартуға бағытталған.

Әр жылдары кафедраны А Хижинский А.К., Дёмушкина Л.О., Исмаилова Р.А., Галиева А.Х., Токсанова А.Н., Бактымбет А.С., Мухамеджанова А.А., Укубасова Г.С. сияқты белгілі ғалым-экономистер басқарды, олар кафедраның оқытушылар ұжымын қалыптастыруға, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедраны э.ғ.к., профессор м.а. Дарибаева Адасхан Кузембаевна басқарады.

Кадр құрамы университеттің, факультеттің және кафедраның басымдықтарына сәйкес білім алушыларды даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының штаты ғылыми және оқытушылық қызметте үлкен өтілі бар 21 адамды құрайды, олардың ішінде: 2 экономика ғылымдарының докторы, 5 Ph.D докторы, 7 экономика ғылымдарының кандидаты және 7 магистр.

Оның ішінде 2 оқытушы екі рет «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды (Галиева А.Х., Укубасова Г.С.). 

Кафедра түлектері мемлекеттік билік органдарында, министрліктер мен ведомстволарда, ұлттық және жеке компанияларда, банк мекемелерінде жұмыс істейді, бизнеспен айналысады. Кафедра оқытушылары оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, белсенді оқу-әдістемелік және оқу жұмысын жүргізеді, сондай-ақ ғылыми жұмысты жүзеге асырады, отандық және шетелдік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға ат салысады, ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған журналдарда, Scopus және Web of Science базасынан рейтингтік журналдарда ғылыми мақалалар жариялайды, Министрліктер және басқа да мемлекеттік органдар, халықаралық қорлар мен ұйымдар қаржыландыратын ғылыми жобаларға, бағдарламаларға, өзекті бағыттар бойынша сараптамаларға қатысады.

Соңғы 3 жылда бизнес және басқару бакалаврларының, экономика ғылымдарының магистрлерінің және «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрлерінің негізгі жұмыс берушілері мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, қаржы және әлеуметтік мекемелер, өндірістік кәсіпорындары болды.

Ғылымның, практиканың және өндірістің өзара іс-қимылын күшейту мақсатында 2013 жылғы қыркүйегінде Esil University «Экономика» кафедрасында және «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының базасында «Жоғары кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік» бірлескен оқу-зерттеу зертханасы құрылды.

Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, «Экономика» кафедрасы («Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ-мен бірлесіп) білім беру қызметтері нарығында бірінші болып «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» траекториясын әзірледі.

Жоғарыда аталған траектория бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мақсатында білім алушыларды сапалы даярлау үшін кафедра барынша қолайлы жағдайлар жасайды: зертхана үшін кабинет жабдықталған, барлық мүдделі стейкхолдерлердің, оның ішінде жұмыс берушілердің қатысуымен МЖӘ мәселелері бойынша әдіснамалық семинарлар өткізіледі. Сонымен қатар, кафедрада «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен келісім-шарт бар, онда білім алушылар өндірістік практикадан өтеді, бірлескен дөңгелек үстелдер мен онлайн бейнеконференциялар өткізіледі. Оқытудың осы траекториясының түлектері-магистрлері негізінен комитеттерде, басқармаларда, департаменттерде басшылық қызметтер атқарады.

PhD докторантураның білім беру бағдарламасы философия докторы (PhD) дәрежесін бере отырып, отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ғылыми және педагогикалық кадрларды, жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

2017 жылдан бастап магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша көптілді жоғары оқу орнынан кейінгі оқыту басталды.

Экономистер күніне арналған кафедра апталығы аясында жыл сайын студенттік ғылыми жобалар конкурсы, қабырға газеттері, жетекші ғалымдар мен практиктерді шақыра отырып әдістемелік семинар өткізіледі.

Факультет пен кафедралар қызметінің маңызды аспектісі ЖОО-ның өз түлектерімен өзара іс-қимыл жүйесін дамыту болып табылады. Университет көптеген түлектермен байланыс орнатады, олардың мансаптық өсуін қадағалайды және осы ақпаратты университет түлектерінің Қауымдастығы арқылы тіркейді.

«Экономика» кафедрасы келесі университеттермен студенттермен алмасу бойынша халықаралық бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысады:

1. Лодзьдегі гуманитарлық-экономикалық университет, Лодзь, Польша.

2. Мемлекеттік басқару университеті, Мәскеу, Ресей.

3. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Омбы, Ресей.

4. Орал мемлекеттік экономикалық университеті Екатеринбург қ., Ресей

5. Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, Курск, Ресей.

6. Стамбул Еуропалық институты, Стамбул, Түркия

7. Анадолы мемлекеттік университеті, Эскишехире, Түркия

8. Каннам Университеті, Йонъин, Оңтүстік Корея

9. EduConcil SPRL Брюсель, Бельгия

10. Түрік авиация академиясы, Стамбул, Түркия

11. Балтық Халықаралық академиясы, Рига, Латвия

12. Вентспилск колледж университеті, Вентспилс, Латвия

13. ADAM Университеті, Бішкек қаржы-экономикалық академиясы

 

 

... Вернуться