
Білім беру бағдарламалары
«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасында білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүзеге асырылады:
6В11101 «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша Қызмет көрсету саласындағы бакалавр академиялық дәрежесі беріледі;
6В11401 «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласында бакалавр академиялық дәрежесі беріледі;
7М11401 «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша қызметтер саласындағы Магистр академиялық дәрежесі беріледі (бейіндік оқыту); 7М11401 «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесі беріледі (ғылыми және педагогикалық бағыт).
«ТУРИЗМ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Туризм» мамандығын алу барысында алынған кәсіби дағдылар адамға әлем туралы білім алуға шексіз мүмкіндікті айқындайды, оның сұлулығын және әртүрлілігін түсініп, көре отырып, айналаға кеңінен таныстырады.
Туризм бакалаврының кәсіптік қызметі туристік кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруды жетілдіруге, біздің еліміздің туристік әлеуетін зерттеп, ағымдағы және келешектегі жоспарлау жүйелерін оңтайландыру, туристік қызметтер мен ақпараттық технологиялардың заманауи әдістерін енгізу, туристік өнімдердің сапасын арттыру, сондай-ақ туристік өнімдердің сапасын жоғарылату мақсатында туристік қызметтердің шетелдік тәжірибесін зерттеуге және туристік кәсіпорындар үшін орта буын мамандарын дайындауға бағытталған.
«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіптік қызмет саласы - бұл туризм және қонақжайлылық индустриясы, сондай-ақ ғылым, білім беру, мемлекеттік реттеу және туризммен тікелей немесе жанама байланысты адами қызметінің басқа да салалары.
Сіз туристік қызметпен айналысатын компанияларда менеджерлер, маркетинг бөлімшелерінің басшылары, туристік компаниялардың, кәсіпорындардың жарнамалық қызметтері және т.б. қызметтерде жұмыс істей аласыз.
Кәсіптік қызметтің объектілері:
• туризмді ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік органдар (комитеттер, әкімдіктер, аймақтық кеңселер);
• туристік бизнестегі мемлекеттік және жеке компаниялар;
• қонақжайлылық туризм және индустриясының объектілері;
• білім беру мекемелері мен ғылыми ұйымдар, жарнама агенттіктері.
«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр түлегіне қызмет көрсету саласында академиялық бакалавр дәрежесі беріледі.
«ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (БАКАЛАВРИАТ)
Әлеуметтік сала - қазақстандық қоғамның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Әлеуметтік қызметкерлер - адамгершілік мәдениетінің жоғары моральдық-этикалық қағидалары бар мамандар. Олардың еңбек нарығындағы және қоғамымыздың өміріндегі сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді. Мұның бәрі біздің түлектеріміздің кәсіби, жеке дамуына және өсуіне мүмкіндік береді.
«Esil University» мекемесі әлеуметтік қызметкерлерді 10 жылдан астам уақыт бойы дайындаумен айналысады және Қазақстан Республикасындағы тәуелсіз рейтингтердің нәтижелері бойынша көшбасшы ұстанымдарды сақтайтын жетекші мекеме болып табылады. Біздің мақсатымыз - бәсекеге қабілетті, әлеуметтік жұмыс саласындағы еңбек нарығында мамандарды дайындау. Тұтастай алғанда қазақстан қоғамының және әрбір қазақстандықтың әлеуметтік әл-ауқаты мен тұрақтылығы олардың кәсібилігіне байланысты.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметінің объектілері:
· мемлекеттік құрылымдар (барлық деңгейдегі әкімдіктер, білім беру департаменты, мәдениет бөлімдері, жастар ісі жөніндегі комитеттер);
· әлеуметтік қорғау органдарының мекемелері мен ұйымдары (зейнетақы төлеу, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшелері);
· білім беру мекемелері (мектептен тыс мекемелер, барлық типтегі және деңгейдегі жалпы білім беретін мектептер, интернаттар, балалар үйлері);
· денсаулық сақтау мекемелері (емдеу-профилактикалық, түзету-қалпына келтіру мекемелері);
· әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері (жалғыз және қарт азаматтарға арналған пансионаттар, мүгедек балаларға арналған үйде немесе жалғызбасты және қарт адамдар үшін әлеуметтік көмек);
· түзету-сауықтыру орталықтары, отбасылар мен балаларға арналған орталықтар;
· кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекциялар, әлеуметтік баспаналар;
· мәдени қызметтер (жасөспірімдер клубы, балалар мен жастар үйлері).
«ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС» БІЛІМ БЕРУ
БАҒДАРЛАМАСЫ (МАГИСТРАТУРА)
«Әлеуметтік жұмыс» Әлеуметтік жұмыс саласындағы магистратура бағдарламасы адамның және қоғамның өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Бағдарлама ғылыми зерттеулерді, дағдарысқа араласуды, қоғамдық ұйымдарға деген көзқарастарды және нәтижелерге қол жеткізудің жалпы стратегиясын біріктіреді.
Білім беру бағдарламасының негізгі міндеті:
· әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған;
· жылдам өзгеретін әлеуметтік саясатты тиімді жургізу;
· әлеуметтік қызметтерді басқарудың заманауи әдістеріне ие болу;
· кешенді әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу дағдылары;
· әлеуметтік үрдістерді диагностикалау, болжау, жобалау және модельдеу мүмкіндігі және жеке өмір жағдайларын дамыту;
· әлеуметтік саясатты дамыту дағдылары;
· әлеуметтік қорғау проблемаларын шешу үшін инновациялық әлеуметтік технологияларды әзірлеу және қолдану дағдылары;
· әлеуметтік әріптестіктің негізінде, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін мемлекеттік,коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
· тиімді қарым-қатынас жасау келіссөздер мен жанжалдар жағдайында медиатор болу;
· кеңес беру дағдыларын меңгеру.
«Әлеуметтік жұмыс» магистрлік бағдарламасының түлектері, әлеуметтік топ пен қоғам деңгейінде, әлеуметтік мәселелерді тиімді шешетін білімді және дағдыларды меңгереді, тұтастай алғанда инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асырады, әлеуметтік субъектілердің серіктестігін белсендіреді.