
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
«Esil University» мекемесінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы университет ректорының 2020 жылғы шілдедегі №01-29/50 бұйрығымен «Қазақ және шет тілдері» және «Жалпы білім беру пәндері» кафедраларының бірігуі негізінде құрылған. Кафедраның даму тұжырымдамасы қазіргі заманға сай оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын негізге ала отырып, жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Кафедраның бағыты: Кафедра қызметінің маңызды аспектісі білім беру процесін ізгілендіру болып табылады. «Esil University» мекемесінің түлектері тек қана теориялық және практикалық құзыреттіліктің жоғары деңгейін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар позитивті болу, жеке қасиеттерге, гуманистік дүниетанымға ие болу, дағдыларды меңгеру, өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыда іздеу және оларды практикалық шешу сияқты біліктіліктерді игеруі керек.
Кафедраның миссиясы: білім алушылардың білімін және құзыреттіліктерін, өзіндік жұмыс дағдыларын, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, үздіксіз және іргелі білім беруді қалыптастыру, оқыту үдерісіне жаңа білім беру технологияларын енгізу және ойлау қабілеті, сондай-ақ стратегиялық және шығармашылық ойлау қабілеті
Кафедраның мақсаты: білім алушылардың жеке басының әлеуметтік-мәдени даму деңгейін арттыру, олардың кәсіби терминологиясын, кәсіби қызметтің адамгершілік негіздерін меңгеруі.
Кафедраның негізгі міндеттері:
- білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
- ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс;
- ОПҚ ғылыми-зерттеу жұмысы;
- білім алушыларды тарта отырып, бірлескен ғылыми зерттеулерді орындау;
- білім алушылардың шығармашылық әлеуетін анықтауды және дамытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу;;
- студенттермен тәрбие жұмысы.
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы оқу процесін оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етуге, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыруға, студенттердің аудиториялық және өзіндік жұмысын жетілдіруге, университет мамандар дайындайтын кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қажеттіліктерін ескере отырып, оқу жұмысының барлық нысандарын, түрлері мен әдістерін жақсартуға бағытталған.
2020 жылдың шілде айынан бастап кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты-Байдрахманов Досым Хасенұлы басқарады
Кадр құрамы университеттің, факультеттің және кафедраның басымдықтарына сәйкес білім алушыларды даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының штаты 19 адамды құрайды, олардың ішінде: 1 педагогика ғылымдарының докторы, профессор; 2 доцент, 2 Ph.D докторы., 3 педагогика ғылымдарының кандидаты, 2 филология ғылымдарының кандидаты, 2 тарих ғылымдарының кандидаты және 8 магистр.
Оқу-әдістемелік жұмыс студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру, кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін оқу процесіне енгізу, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесін әзірлеу бағытында жүргізіледі. Кафедра оқытушылары оқу бағдарламаларын, дәрістер қорын, тестілерді, әдістемелік ұсыныстарды және пәндер бойынша басқа да материалдарды әзірлеуге белсенді қатысады.
... Вернуться