Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Шүйтенов Ғабит Жұмабайұлы


Шүйтенов Ғабит Жұмабайұлы

Шүйтенов Ғабит Жұмабайұлы 1973 жылы 5 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында туған. 1990 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факульте-тіне «физика және информатика» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқуды үздік бітіргеннен кейін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Информатика мен есептеу техникасы» кафедрасына оқытушы болып тағайындалды. Жоғары білім беру жүйесіндегі үздіксіз еңбек өтілі 1995 жылдан басталып, Ғ.Ж. Шүйтенов «Информатика мен есептеу техникасы», «Ақпараттық жүйелер» кафедраларының оқытушы, аға оқытушылығынан, «Қашықтан оқыту технологиясы» орталығының директоры мен «сырттан оқыту», «электрондық оқыту» факультеттерінің деканына дейінгі жолдан өтті.

2016 жылы Астана қаласына келгеннен кейін Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне жұмысқа қабылданып, Университеттің даму стратегиясына сәйкес, ректордың бұйрығымен құрылған Электрондық оқыту факультетіне Ғ.Ж. Шүйтенов факультет деканы қызметіне тағайындалды. Педагогика ғылымдарының кандидаты, бірнеше халықаралық және республикалық конференциялар мен форумдардың қатысушысы, диссертациялық зерттеулер және білім беруді ақпараттандыру тақырыптамалары бойынша 40-дан астам мақаланың авторы болып табылады.