
Байдрахманов Досым Хасенович

2010 жылдың 9 желтоқсанында Еуразия гуманитарлық институтының БД-14.50.09 біріккен диссертациялық кеңесінде педагогика ғылымдары бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2009 жылдың сәуір және қыркүйек айлары аралығында Президенттік Болашақ бағдарламасымен Ұлыбританияда, Лондонның Университет Колледжінде академиялық оқуды тәмәмдады. 2009-2010 оқу жылында Ұлыбританияның Ноттингем университетінің магистратурасының «Білім беру саласындағы басқару» магистрі дәрежесін алды.
Жас Ғалымдарға берілетін 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Стипендияның иегері.2017 жылы «ҚР білім саласының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атанды. 2017 жылғы «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері.
100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Оның ішінде, 2 монография, 5 оқу құралы, 5 авторлық куәлік, 17-ден астам Ғылым комитеті бекіткен журналдардағы мақалалары, Скопуста, бірнеше шет елдерде жарияланған мақалалары бар.«ЖОО-ның студенттеріне арналған «Ағылшын тілі» мультимедиялық оқыту бағдарламасының» авторы.