
Уажанов Маргулан Уалханович
Ғылыми-қызығушылықтары: Менеджмент, Жүк тасымалын басқару логистикасы, Инновациялық менеджменті, Кәсіпорынның коммерциялық қызметін басқару.
Шет елдік стажировка және біліктілікті көтеру сертификаттары:
2013 және 2014 жылдары Краковтағы экономикалық университетінің «Халықаралық менеджмент» кафедрасында шет елдік ғылыми стажировкадан өткен, «Халықаралық менеджмент» тақырыбындағы семинар сабақтарына қатысып сертификат иесі атанған. Польша Республикасы.
2016 ж. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлер арналған оқыту курсының сертификаты.
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда универсиеті ректорының «Үздік ғылыми жетекші» грамотасымен мадақталған. Сонымен қатар университет ректорының алғыс хаттарымен марапатталған.
Қосымша ақпарат:
Қазақстан Республикасы, Ұлыбритания, Польша Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы және Scopus базасына енетін басылымдарында жарияланған бірнеше ғылыми мақалалардың авторы
2001 жылы Алматы қаласында өткен студенттер арасындағы Республикалық пікір-сайыс турнирінің жеңімпазы.
ҚРҚК қатарында әскери борышын атқарған.