
Дарибаева Адасхан Кузембаевна – Экономика Ғылымдарының Кандидаты, доцент

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Сауда экономикасы» мамандығын үздік бітірді. 1993-1996 жылдары Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының аспирантурасында оқыды.
2008 жылы 08.00.05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару (өнеркәсіп және қызмет саласы бойынша) мамандығы бойынша (жетекшісі - экономика ғылымдарының докторы, профессор А.Ш. Нұрсейіт) кандидаттық диссертация қорғады.
Мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар (ҚР сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сауда инспекциясы) және ғылыми-зерттеу қызметіндегі практикалық тәжірибесі бар.
2002 жылдан бастап Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде,2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Маркетинг және құқық» кафедрасында жұмыс істеді.
Scopus ақпараттық базасында импакт-факторы бар 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 1 монография, 2 мақала.
2010 жылы жоғары білікті экономистерді дайындау бойынша қызметтер үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.