Қызмет саласы
Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері – жоғары білікті кәсіпқойларға әлеуметтік саланың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету:
тез өзгеретін әлеуметтік орта жағдайында халықтың әлеуметтік әл-ауқатын, өмір сүру сапасын және жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың нәтижелілігін арттыруға бағытталған инновациялық технологияларды қолдануға қабілетті;
әлеуметтік қызметтерді басқарудың қазіргі заманғы әдістерін меңгерген.
ОП артықшылықтары:
- «Әлеуметтік жұмыс» ОП-ның магистратура бітірушісі жеке, әлеуметтік топ және жалпы қоғам деңгейінде әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуге, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға, әлеуметтік субъектілердің әріптестігін жандандыруға мүмкіндік беретін білім мен дағдыға ие болады.
- Алыс және жақын шет елдерге магистранттардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру мүмкіндігі. Мысалы: Häme University of Applied Sciences (HAMK) Хя́меэнли́нна, Финляндия, JAMK University of Applied Sciences Ювяскюля, Финляндия, Ф. М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті.
Кәсіби қызмет саласы:
- мемлекеттік органдар, мекемелер және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары;
- әлеуметтік көмектің мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлары, білім беру, мәдени-демалыс және медициналық мекемелер;
- медициналық-психологиялық-педагогикалық орталықтар;
- мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметтері, кәсіпорын және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімдері;
жоғары оқу орындары.
- Иеленетін академиялық дәреже:
«Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі.
БББ серіктестері:
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ;
- Нұр-Сұлтан қаласындағы «SOS – балалар ауылы» ОҒҚ;
- Нұрсұлтан қаласы әкімдігінің «№8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК;
- Häme University of Applied Sciences (HAMK) Хя́меэнли́нна, Финляндия;
- JAMK University of Applied Sciences Ювяскюля, Финляндия;
- Ф. М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті.