Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету


Бейіндік пәндер

Математика

Информатика

Оқу кезеңі

2 - 4 жыл

Қызмет саласы

Түлектер компьютерлік және ақпараттық қызметтерде, мемлекеттік органдарда, жобалау ұйымдарында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс істей алады. Түлектер заманауи технологиялық білімге ие және жобалық-конструкторлық, ұйымдастырушылық және басқарушылық кәсіби қызмет түрлеріне дайын, бағдарламалық жасақтаманы жасау, Компьютерлік техниканы өндіру және сату бойынша фирмалардың басшылары мен қызметкерлері, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінің техникалық бөлімдерінің мамандары, әртүрлі ұйымдардың компьютерлік бөлімдерін басқара алады.

Бейіндік пәндер-математика, физика (немесе информатика), Қазақстан тарихы, мемлекеттік немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақ тілі – орыс мектептері үшін, Орыс тілі – қазақ мектептері үшін.

Кәсіби қызмет объектісі: өнеркәсіп, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару органдары және т. б.