
Халықаралық жобалар
WELCOME жобасы
I WELCOME жобасының қысқаша мазмұны*
Бұл жобаның мақсаты шетел студенттерін, оқытушылары мен зерттеушілерін тарту үшін стратегиялық және маркетингтік әдістерді енгізу арқылы Қазақстан мен Қытай университеттерінің халықаралық бағыттарын нығайту болып табылады.
Жобаның ресми сайты - http://www.welcomeproject.net/
Жобаны іске асыру мерзімі: 2016 - 2019 жыл.
Жобаның серіктестері:
Каталония Политехникалық университеті (Испания)
Королдік технологиялық институты (Швеция)
Таллин техникалық университеті (Эстония)
Лиссабонуниверситеті (Португалия)
Ровира және Вирхилийуниверситеті (Испания)
Перпиньян – Виа Домитьауниверситеті (Франция)
Л.Н. Гумилева атындағы Евразия ұлттық университеті (Қазақстан)
Нархозуниверситеті (Қазақстан)
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (Қазақстан)
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Қазақстан)
Бэйхан университеті (Қытай)
ТунцзиУниверситеті (Қытай)
II WELCOME жобасының кестесі *
III WELCOME тренингтері*
29 мамыр мен 2 маусым аралығында Лиссабон Техникалық институты (Португалия) базасында жоғарғы білімді интернационализациялау бойынша серіктес мемлекеттердің ЖОО-ның қатысуымен тренинг өтті.
Тренингтің бағдарламасына мастер-кластар, пікірсайыстар, сонымен қатар Португалия, Испания, Франция және Эстония елдерінің ЖОО-ның өкілдерінің таныстырылымдары енді.
Қатысушы ЖОО-ның таныстырылымдары келесідей тақырыптарда өткізілді: «Интернационализациялаудың саясаты мен стратегиясы», «Стратегиялық жоспарлау», «Қолдау қызметі», «Ұтқырлық пен ынтымақтастық», Халықаралық рейтингтер», «Қос дипломдандыру мен жұмысқа орналастыру», «Алмасу бағдарламалары/жазғы мектептер».
Қатысушылар интернационализациялаудың стратегиясын жоспарлау және енгізу, ПОҚ, студенттермен алмасу аясындағы қызметі, ЖОО қызметкерлеріне тренингтер өткізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, ЖОО-ның нәтижелі қызметі үшін рейтингтер мен барлық қызметкерлерді интернационализациялау үдерісіне қатыстыру идеясының маңыздылығы атап өтілді. Бағдарлама қатысушылардың интернационализациялау аясында өтілген тақырыптар бойынша қорытынды есептерімен аяқталды. Семинардың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Мониторинг
18 қазан күні сағат 15.00-де Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің негізінде Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Ш. Ө. Тасболатқызы ханымның ұйымдастыруымен Эразмус+ Жоғары білімнің қарымын көтеру мақсатында ҚММУ жобаларының топтарымен консультациялық кездесу өтті.
Консультациялық кездесу барысында жоба менеджментіндегі қиыншылықтар мен мәселелер, оларды шешу жолдары, жобаның негізгі кезеңдері, жаңа жобалар үшін нұсқаушы кездесулерді ұйымдастырулар талқыланды. Консультациялық кездесудің соңында әр жобаның өкілдері Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Ш. Ө. Тасболатқызына жеке сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.
IV WELCOME жобаның материалдары*
Towards incoming international university communities
LOGICAL FRAMEWORK MATRIX – LFM
Programme Project Meeting in Shanghai