Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мансап туралы хабарландырулар


banner_каз2__1__1_.jpg


Құрметті жұмыс берушілер!

Біз сіздерге экономика, құқық және қызмет көрсету, ақпараттық технологиялар саласындағы білікті мамандарды таңдаймыз.

Біздің түлектердің деректер базасы жұмысқа қабылдау процесін жеңілдетеді және университетімізбен кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Жұмыс берушілерге арналған қызметтеріміз:

• ұйымыңыздағы бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды құрастыру және университеттің ақпараттық орталықтарында орналастыру;

• белгіленген іріктеу критерийлері бойынша жарияланған бос жұмыс орындарына үміткерлерді іріктеу (түлекке өтініш үлгісін жүктеп алу)

• мамандарды даярлауға үш жақты келісім-шарттар жасау;

• ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімдер жасау (кәсіби тағылымдамалар, қонақтық дәрістер, тағылымдамалар және т.б. ұйымдастыру);

• Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен мекемелерінің қатысуымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастыру, ол арқылы біздің түлектермен танысуға және бос орындарға үміткерлерді таңдауға болады;

• университет түлектерімен таныстыру кездесулерін өткізу және т.б.

Сондай-ақ, сізді BEAM онлайн-платформасына тіркелуге шақырамыз, бұл сізге түлектердің мақсатты аудиториясына тікелей қол жеткізуге және бос орындар мен тағылымдамалар туралы ақпаратты орналастыруға мүмкіндік береді. Тіркелу сілтемесі https://beam.kz/employer