Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мансап орталығы


БІЗ ТУРАЛЫ

Мансап орталығы студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуға жан-жақты қолдау көрсетіп, болашақ кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасайды.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары:

• студенттердің сәтті жұмысқа орналасу және мансаптық өсуі үшін қажетті әлеуметтік маңызды дағдыларды игеру және дамыту үшін кәсіпорын өкілдерінің шеберлік сабақтарын, презентацияларын, коуч, тренинг семинарларын ұйымдастыру;

• жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілердің қатысуымен білімгерлерге арналған «Мансап апталығы» іс-шарасы аясында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін» ұйымдастырып өткізу;

• әр түрлі кәсіпорындар өкілдерімен таныстыру кездесулерін ұйымдастыру;

• студенттерге табысты, адал еңбек ету дағдыларын қалыптастыру бойынша психологиялық тренингтер өткізу;

• бітірушілерді жұмысқа орналастыруда көмек көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;

• бітірушілердің білім беру грантын міндетті түрде игеру мәселелері бойынша «Қаржы орталығы» АҚ-мен өзара әрекеттесу;

• нақты мамандықтар бойынша бітірушілерге компаниялардан түскен өтінімдерді өңдеу, студенттер мен түлектерді бос жұмыс орындарының бар екендігі туралы хабардар ету;

• тағылымдамадан өту бағдарламаларына қатысу үшін іріктеу шараларын өткізу, одан әрі жұмысқа орналасу үшін әңгімелесу, кеңес беру;

• түлектердің жұмысқа орналасуы мен мансаптық өсуінің мониторингі;

• студенттерге түйіндеме жазу, әңгімелесуден өту, бос жұмыс орындарын іздеу және т.б.

Жұмыс берушілердің мақсатты аудиториясына тікелей жетуге және бос жұмыс орындары мен тағылымдамалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін BEAM онлайн платформасында тіркеліңіз. Тіркелу сілтемесі https://beam.kz/employer

Бос жұмыс орындары туралы қосымша ақпаратты https://qsamruk.kz/kz ала аласыз және Цифрлық еңбек биржасы https://enbek.kz/kz/search/vacancy

Бізбен байланыс:

Астана қ., көш. Жұбанов, 7 бөлме. 105

тел 87786666867

тел.: +7(7172) 278571 (ішкі тел. 198, 165), E-mail: kuefcareer@kuef.kz


D86A8717.JPG

 Мансап орталығының директоры

Жуманова Бекаршын Кимашовна


asanovagk.png

Асанова Гульмира Кабыланкызы

 тарих ғылымдарының кандидаты, Мансап орталығының маманы